Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаңа тұрғын үй кешендерін салу кезінде учаскелік полиция пункттеріне ғимараттар беріледі

Алматыда жаңа тұрғын үй кешендерін салу кезінде учаскелік полиция пункттеріне ғимараттар беріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының архитектуралық келбетін және қала құрылысын қалыптастыру ережелерінің талаптарына сәйкес, қалада арнайы қала құрылысын реттеу аймақтарынан тыс тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жобалау және салу кезінде үш мың адамға бір учаскелік полиция инспекторы есебінде учаскелік полиция бөлімшесінің болуын ескере отырып, учаскелік полиция пунктының минималды алаңы 45 шаршы метрден кем болмауы керек.

– Салынып жатқан тұрғын аудандарында УПП-ның пайда болуы тұрғындарға полицияға жақын маңда жүруге мүмкіндік береді, бұл біздің инспекторларға дабылдарға тез жауап беруге және тұрғындармен өзара әрекеттесуге көмектеседі. Учаскелік полиция пункті барлық қажеттіліктермен жабдықталады, жергілікті жердегі полиция қызметкерлерінің жұмысын тек ішкі қызметтер ғана емес, сонымен қатар, тұрғындардың өзі бақылайды. Тұрғындардың кері байланысы – бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан ішкі істер органдарын реформалау тиімділігінің басым көрсеткіші, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов.

Бұған дейін Алматы полициясының бастығы қала Әкімдігінің қолдауымен учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жақсарту бойынша үш жылдық кешенді жоспар жасалғанын, оның ішінде 36 учаскелік полиция бөлімшесіне ғимаратты бөліп беруді, 19-ын салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендеріндегі учаскелік полиция пункттерінде және тағы 17-ін жеке сектордан беру жоспарланған. Бұл қажеттілік қала шекарасының кеңеюімен және тұрғындар санының көбеюімен байланысты. Кешенді жоспарды іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады және 2021, 2022, 2023 жылдарға арналған.

– Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында реформалар мен “полиция жақын маңда” қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі, олар өз аймақтарындағы тұрғындарына жақын, танымал, қол жетімді, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуы керек. Осы қағиданы іске асыру мақсатында біз учаскелік полиция пункттері үшін ғимараттар жоқ 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елді мекендерінің қалаға қосылуын ескере отырып, бүгінгі таңда бұл шұғыл қажеттілік болып табылады. Полицияның жаңа пункттерінің ашылуы полицияның тұрғындармен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылға оң әсер етеді, – деді Алматы қалалық ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру