Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Алматыда жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция өрескел заң бұзушылық әлеуметтік желі арқылы белгілі болғанын айтты. Көгалға шығып кеткен Range Rover жүргізушісінің әрекеті бейне авторын ашуландырған.

- Бұл жағдайда азамат қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытты. Нәтижесінде, 29 жастағы құқық бұзушы анықталып, бірден әкімшілік заңнаманың екі тармағы бойынша жауапқа тартылды: көлік құралын көгалға қойғаны үшін (ҚР ӘҚбтК-нің 597-бабы, 2-бөлігі), сондай-ақ жол бөлігін кірлеткені үшін (ҚР ӘҚбтК-нің 630-бабы, 1-бөлігі). Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген заңға қайшы әрекеттердің жолын кесуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” қағидасының жүзеге асырылып жатқанын тағы да еске салады, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру