Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Алматыда жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы, қала әкімдігінің, Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының және Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының жәрдемдесуімен науқан өткізді.

Мақсат – жол-көлік оқиғалары мен жолдардағы адам өлімі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын жол-көлік оқиғаларының салдарынан шамамен 1,35 миллион адам қайтыс болады. Мұндай жазатайым оқиғалар 5 пен 29 жас аралығындағы жастардың өлімінің басты себебіне айналған.

– Біз еске алу күніне қосылып, мезгілсіз қайтыс болғандарды еске аламыз және өмір сүріп жатқан біздер, баршамыз жолда жүру ережелерін сақтаудың, ережелерді бұзуға мүлде төзбеудің және жол қозғалысына қатысушы ретінде біз өзіміздің ғана емес, айналамыздағылардың да өміріне жауапты екенімізді есте сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске саламыз, – деді науқан ұйымдастырушылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру