Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері оқушыларға арналған концерт ұйымдастырды

Сарыкөл ауданының полицейлері оқушыларға арналған концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының” соңында Сарыкөл полиция бөлімінің бастамасымен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аудан мектептерінің оқушыларына арналған концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ апта бойы өткізілген бірнеше байқаулардың қорытындысы шығарылды.

“Қамқор Ана” байқауында “Краснодон жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-нің 2-сынып оқушысының анасы Татьяна Конева үздік атанды. “Жүргізушіге хат!” конкурсының үздігі Новоурицкий жалпы білім беретін орта мектебінің 2-сынып оқушысы Анжелика Плеханова атанды. “Студенттік идеялар мен бастамалар – қауіпсіз қозғалыс үшін” байқауында бірінші орынды “Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің” студенттері Сарбасов Рамазан мен Сарбасов Сүлеймен бөлісті.

– Балаларды жолдарда дұрыс мінез-құлыққа үйрету ерте жастан басталуы керек. Біздің балаларымыз – бізде бар ең маңызды, ең баға жетпес байлық. Біз оларды қорғап, үнемі қамқорлық жасауымыз керек. Оқушыларымыздың өткізген акциялары жүргізушілерді жолдардағы мінез-құлықтары туралы ойландырады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Мереке Жанзақов.

Концерт барысында балалар кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын ЖКО-ның алдын алуға бағытталған бірнеше әлеуметтік роликтерді тамашалады. Мерекелік концерт көрмемен жалғасты, онда полицейлер балаларға арнайы қорғаныс құралдарын – қалқандарды, дулығаларды, кісендерді, сондай-ақ Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын көрсетті.

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Талғат Жүсіповтың айтуынша, мұндай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары оқушыларға болашақта мамандық таңдауды анықтауға көмектеседі және жастардың қоғамда дұрыс, қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. Іс-шараның ең кішкентай қатысушылары шыққан кезде полицейлер сыртқы киімдеріне автокөлік жарық шамдарына шағылысатын фликерлерді жапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру