Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында Жамбыл Жабаевқа арналған кеш өтті

Алматыдағы балалар колониясында Жамбыл Жабаевқа арналған кеш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесіндегі сотталған балалар арасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жылдығына арналған “XX ғасырдың Гомері” атты әдеби-кеш өткізілді.

Жазалы балалар арасындағы кештің мазмұнды өтуіне Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері атсалысты. Жазасын өтеуші балалар Жамбылдың “Халық менің шын атым”, “Қайта келген жастық шақ”, “Алғадай туралы”, “Ленинградтық өренім”, “Балаларға” сияқты өлеңдерін екі тілде жатқа оқыды. Кеш соңында балалар аталған кітапхана қызметкерлері Гаухар Арынова мен Аида Нұржан ұйымдастырған “Жыр алыбы – Жамбыл!” атты кітап көрмесін тамашалады.

Мекемедегі тәрбие бөлімінің бастығы А.Бәзілбаева балалар колониясында өтетін барлық іс-шараларға белсене араласып, өз тарапынан көмек көрсетіп отыратын кітапхана ұжымына зор алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру