Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тұрғын алабынан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Алматыдағы тұрғын алабынан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынынан мефедрон және жылдамдық деген психотроптық заттарды тапты және тәркіледі.

– Синтетикалық есірткі полиэтилен қабықшаға оралған. Тәркіленген партия жиынтық кестеге сәйкес ірі партия болып саналады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру