Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер 5 жастағы Айлиннің арманын орындады

Алматы полицейлері 5 жастағы қыздың арманын жүзеге асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айлин Серікбайдың оқиғасын оның анасы Зарина Абдукаримова айтып берді. Әйелдің айтуынша, оның қызы полицияда қызмет етуді армандайды және қазірдің өзінде қиын қызметке дайындалуда.

– Біз басында бұл тек баланың форманы ұнатуы деп ойладық. Уақыт өте келе бұл әлдеқайда күрделі болды, ол таңертең сағат 5-6-да оянып, оны жұмысқа апаруды өтінеді. Сондықтан, мен сізге хат жазуға мәжбүр болдым. Алдымен маған Түрксіб ауданының Полиция басқармасы ювеналды полициясының қызметкерлері хабарласты. Олар менің қызымның арманын орындауға бірден келісті, – дейді қыздың анасы.

Айлин – көпбалалы отбасының үшінші баласы. Қызда әділеттілік сезімі күшті дамыған, ол әрдайым дәрменсіз балалар мен жануарларды қорғауға дайын тұрады. Айлиннің анасы, бұл қасиетті ол патрульдік полицияда қызмет ететін әкесі Қанат Көлбасовтан алған дейді.

– Мен Айлинді жүктіліктің 25-ші аптасында 900 грамм болғанда босандым. Бұл – бірегей, ерекше бала. Оның есте сақтау қабілеті өте жақсы, ол көпшіл, ізденімпаз, сондай-ақ, оқуға үлкен жауапкершілікпен қарайды, – деп түсіндірді Зарина Абдукаримова.

Айлин Алматы қаласының Полиция департаментінде қонақта болды. Оған мұражай көрсетіліп, тәртіп сақшылары полицейлердің қызметі туралы айтып берді және университетті бітіргеннен кейін 16 жылдан соң жұмысқа шақырды.

– Мен сіздерге қызымның арманын орындағандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, – деп түйіндеді Айлиннің анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру