Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер көлік салонынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Алматылық полицейлер көлік салонынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері көлік салонынан ұрлық жасады деген күдікпен 44 жастағы А.есімді азаматты ұстады.

– Жедел іс-шараларды жүргізу барысында күдіктінің “құрбанын” алыстан таңдағанын анықтадық. Ол оның кетуін күтіп, пульттің дабылын сканерлеу арқылы көлікті ашып, ұрлық жасаған. Содан кейін оқиға орнынан “ізін суытқан”. Біз қаскөйдің ізіне түсіп, оны ұстадық. Қазіргі уақытта күдікті бірнеше ұрлық жасағанын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру