Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер Отбасы күніне арналған мерекелік шараға қатысты

Алматылық полицейлер Отбасы күніне арналған мерекелік шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шаралардың ақпараттық-идеологиялық мазмұнының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген.

Осы жарқын оқиғаға орай Алматы полициясы, “Дағдарыс орталықтары одағы”, “Бақыты отбасы” көп балалы аналар орталықтары және “Жан-Сая” дағдарыс орталығы орталық мәдениет және демалыс саябағында әсерлі шара өткізді.

– Ұйымдастырушылар көп балалы отбасыларға арналған “Отбасы – бақыт мекені” отбасылық байқауын, әртістер мен аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасын және отбасылық құндылықтарды дамыту мен нығайтуға бағытталған іс-шараларды қарастырды. Шараға қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен біздің, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі қолдау көрсетті. Осы ретте, отбасылық қарым-қатынастың құндылығын насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 9-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласында “Бақытты отбасы” науқаны өтіп жатқанын атап өткім келеді. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында бұл күндері халықтың құқықтық деңгейін көтеруге, сондай-ақ, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Науқан аясында инспекторлар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында туындайтын мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңес береді. Алматыдағы сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының жұмысы да жанданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру