Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер қайтыс болған әріптестерінің балаларына сыйлық жасады

Алматы қаласының Түрксіб ауданының полициясы қайтыс болған әріптестерінің балаларына сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыстың басталуына байланысты полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған полиция қызметкерлерінің балаларына, кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне, сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына барды.

“Әр бала жазды үлкен қуанышпен күтеді. Жазда кішкентай балалар жарқын сыйлықтар алуды, үйлердің аулаларында бірлескен ойындар өткізуді қалайды және армандайды. “Жақсылық барлығына қолжетімді” науқаны аясында біз әріптестерімізбен бірге 10 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 24-тен астам балаларына барып шықтық. Сонымен қатар, біз қызметтік міндетте қаза тапқан әріптестердің отбасыларына да бардық. Біз балаларға тыныш және шуақты жаз, мықты денсаулық және жақсы көңіл-күй тілейміз. Олардың әрқайсысы жақсы өмірге лайық”, – деді Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру