Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтай қаласында зейнеткерді тонаған ер адамдар ұсталды

Алтай қаласында зейнеткерді тонаған ер адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алтай қалалық ПБ “102” жедел арнасына 85 жастағы зейнеткердің екі белгісіз тұлға оның жейдесінің төс қалтасынан құжаттар мен 28 000 теңге сомасындағы ақша қаражаты салынған әмиянды ашық ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.

Криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводымен бірлесіп, жедел түрде Алтай қаласының 26 және 32 жастағы тұрғындарын анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қаскүнемдер жасаған қылмысты мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына  (Тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру