Анасымен ренжісіп қалған алматылық оқушы ШҚО-дағы досына кетіп қалған
Анасымен ренжісіп қалған алматылық оқушы ШҚО-дағы досына кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қ. ПБ 24 қараша күні сағат 09.20-да Алматы қаласының 15 жастағы тұрғыны жеткізілген.
Тексеру барысында 15 жастағы жасөспірім анасымен ұрысып, 22 қарашада досына кетуге шешім қабылдағаны анықталды. Ол досымен кезінде Катонқарағай ауданындағы бір ауылда тұрғаны анықталды.
Жасөспірім досымен телефон арқылы хабарласып, ШҚО-да оған келетінін айтып ескертіп қойған.
Алматыдағы ірі сауда орталықтарының біріне келгеннен кейін жасөспірім құны 180 мың теңге тұратын қымбат смартфонын сатып, содан кейін қалалық автовокзалда 15 мың теңгеге ШҚО Өскемен қаласына дейін жетуге таксистпен келісіп, жолға шыққан.
Ұлан ауданының Саратовка ауылына кіре берісте ШҚО ПД БПП қызмет инспекторлары таксиді тоқтатып, тексеру кезінде жолаушылардың бірі із-түзсіз жоғалған адам ретінде бағдар бойынша өтіп жатқанын анықтаған. Содан кейін кәмелетке толмаған Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Р. Мазбаевқа тапсырылып, полиция бөліміне жеткізіліп, оны үйіне қайтару бойынша шаралар қабылданды.
Қазіргі уақытта 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасы басқа қалада тұратындықтан, ол Өскемен қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, алдағы уақытта растайтын құжаттарды ұсынғаннан соң заңды өкілдеріне тапсырылатын болады.