Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Анасын үйден қуып шыққан павлодарлық қамауға алынды

Анасын үйден қуып шыққан павлодарлық бес тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полициясына қарт әйел қоңырау шалып, жұмыстан кейін ұлы үйге мас күйде келіп, оны қорлап, пәтерден қуып шыққанын айтты. Мас баласы ұйықтап қалып, зейнеткер әйел үйіне кіре алмаған.

Қараңғы кіреберісте жалғыз қалған әйел қорқып кеткен. Қоңырауға келген полицейлер 15 минут бойы есікті қатты қағып, ер адамға аштыртқызды.

Үй иесі ақыры үйге кірді, ал оның ұлына қатысты тәртіп сақшылары ҚР ҚІЖК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасап, оған сәйкес ер адам бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

Полицейлермен сөйлескен ер адам қарт анасынан кешірім сұрап, болашақта бұндай әрекетке бармайтынына уәде берді.

Жыл басынан Павлодар облысының полицейлері мұндай 3800-ден астам жағдайды тіркеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру