Ақмола колониясында 100 сотталған жұмысқа орналасады
Ақмола колониясында 100 сотталған жұмысқа орналасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕЦ-166/4 мекемесінің өндірістік аймағына «Еңбек-Көкшетау» РМК, «Новопэк» ЖШС өкілдері барып қайтты.
«Новопэк» ЖШС полимерлік қаптау нарығында ұзақ жылдар бойы көшбасшы болып саналады. Өндірісте тек бастапқы полимерлі шикізат және жоғары сапалы шетелдік қоспалар қолданады.
Кездесу нәтижесінде ЖШС өкілі қолда бар өндірістік қуаттар мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін атап өтті, ынтымақтастық туралы өз жоспарларымен бөлісті. «Новопэк» ЖШС өндіріс жөніндегі басшысы заманауи тігін жабдықтарын орнатуға алдын ала жоспарлап отыр.
– Бастапқы кезеңде сотталғандарға полимерлік қаптарды тігу бойынша өндірісті іске қосу үшін 100 машина орнатамыз деп ойлаймын. Сәйкесінше сонша бос жұмыс орны да пайда болады, – деп түйіндеді ЖШС өкілі.