Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында фотокөрме ұйымдастырылды

Ақмола колониясында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында фотокөрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты» аралас қауіпсіздік мекемесінің жеке құрамы мен сотталғандарына арналған фотокөрмені ұсынды. Мұрағатшы Людмила Шрейтер көрме экспонаттарын пайдалана отырып, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Көкшетау қаласына әр жылдары өткен – қаланың қалыптасуы, экономикалық және әлеуметтік дамуы сапарлары туралы айтып берді.

Газеттің фотоқұжаттарында Қазақ КСР Президентінің сайлауы, Н. Назарбаевтың қызметіне кірісуіне арналған Жоғарғы Кеңестің салтанатты отырысында сөйлеген сөзі, Қазақ КСР Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы, еліміздің конституциялық заңы, Қазақстанның жұлдызды сағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің анты және т.б. жазылған.

– 2010 жылғы 15 маусымда Елбасы мәртебесі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бекітілді. Президент басшылығымен Қазақстан Республикасының экономикасында, саясатында және әлеуметтік саласында, соның ішінде Көкшетау қаласында кең ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Осы өзгерістердің барлығы Президентіміздің және Қазақстан халқының еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында тәуелсіздік жылдарында жақсы жағына қарай орын алды, – деді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру