Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері Абай Құнанбайұлына арналған көрмені тамашалады

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №1 мекемесінің қызметкерлері Абай Құнанбайұлына арналған көрмені тамашалады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №1 мекемесінің қызметкерлері қалалық кітапханада ұйымдастырылған, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы және рухани мұрасына арналған тақырыптық көрмені тамашалады.

Көрмеде келушілер Абайдың әдеби мұрасымен, философиялық еңбектерімен, өмірбаянымен, сондай-ақ оның қазақ әдебиеті, мәдениеті мен ұлттық руханиятының дамуына қосқан зор үлесін айқындайтын басылымдар мен мұрағаттық материалдармен танысты.

Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері ұсынылған экспонаттар мен әдебиеттерді зерделеп, Абай Құнанбайұлы шығармашылығының қазіргі қоғам үшін маңызын талқылады. Сонымен қатар оның білімге ұмтылу, адал еңбек ету, адамгершілік қағидаттарын сақтау, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндейтін тағылымды ойларының бүгінгі күні де өзектілігін атап өтті.

Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, дүниетанымды кеңейтуге, патриоттық сананы қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бай тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға ықпал етеді.

Көрмені тамашалау мекеме қызметкерлеріне ұлы ақынның шығармашылық мұрасын тереңірек танып-білуге және оның тағылымға толы еңбектерінің бүгінгі қоғам үшін де маңызын тағы бір мәрте ұғынуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру