Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды

Ақмола облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамызда сағат 15:25-те Екатеринбург-Алматы автожолының 1085 шақырымында Сандықтау ауданы Владимировка ауылының 64 жастағы тұрғыны Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Рудный қаласының 33 жастағы тұрғынының басқаруымен жүріп келе жатқан Volkswagen Touareg автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, ал көліктің жолаушысы түрлі жарақаттармен Астрахан ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру