Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мал ұрлаған азамат бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысының пробация қызметінің есебінде тұрған азамат бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының тумасы Амангелдіге қатысты Ақмола облысының Есіл аудандық сотында Ақмола облысының пробация қызметінің есебінде тұрған азаматқа қатысты сот процесі өтті.

Бірнеше жыл бұрын ол отбасымен Ақмола облысының шалғайдағы ауылына көшіп келген. Бұл мал ұрлығын тоқтатқан жоқ.

Ол достарымен бірге көрші облыстан жиырмадан астам қой ұрлаған. Ұрланған малды сатпақ болғаны анықталды.

Сот шешімімен мал ұрлаған азаматқа пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамнан оқшаусыз 5 жыл жаза мерзімі тағайындалды.

Пробацияның бақылауында сотталған адам ұзақ болмаған. Екі айдан кейін фермаға жұмысқа орналасқан соң ол пробациялық бақылаудан жалтарып, ескертусіз жоғалып кеткен.

Аумақтық пробация бөлімінің қызметкерлері барлық аулалар мен күдіктінің таныстарын аралап, оның тұрғылықты жерін анықтауға тырысты. Бір айдан кейін күдікті табылып, тұтқындалды.

Аудандық пробация қызметкерлерімен сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс жолданды.

Есіл аудандық соты ұсынысты қолдап, сотталған бас бостандығын айыру жазасын өтейтін мекемеге жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру