Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жасөспірім көліктен ақша ұрлаған

Ақмола облысында жасөспірім көліктен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын және орналасқан жерін бақылауды ескертеді.

14 тамыз сағат 22:33-те Целиноград ауданының кезекші бөліміне Қоянды кентінің 41 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Арызданушының айтуынша, 13 тамыз сағат 19:30-да белгісіз адам үйінің ауласында тұрған Nissan көлігінен 50 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Осы дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 14 жастағы жасөспірімді анықтады. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру