Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамызда Целиноград АПБ полиция бөліміне патрульдік полиция ротасы қызметкерінің Қарамеңді батыр мен Арайлы ауылдары арасындағы “Екатеринбург-Алматы” автожолының 1212 шақырымында Ақтөбе қаласының тумасы Toyota Estima автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Racer мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысын қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардан Жаңаесіл ауылының 25 жастағы тұрғыны, мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы Новоишимка ауылының 25 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жалпы, жылдың басынан бері Ақмола полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау) бойынша 11 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 2106 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру