Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотталды
Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері Ерейментау қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол 4 қаңтар күні мас күйінде 102 нөміріне қоңырау шалып, бомба қойылғандығы туралы хабарлаған болатын.
Бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін төтенше жағдайлар қызметі келіп, адамдарды эвакуациялап, аумақты қоршап алды. Көрсетілген мекен жайды тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Құқық бұзушының айтуы бойынша, ол тек жедел қызметтердің әрекеттерін тексергісі келген.
Қазіргі уақытта Ерейментау аудандық сотының үкімімен кінәлі сотталды. Ақмола облысының полиция департаменті мұндай хабарламалар ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сараланатынын және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын ескертеді.