Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны көліктерден ұрлық жасаған

Ақмола облысының тұрғыны көліктерден ұрлық жасаған, —деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қысқа мерзім ішінде қаскөй көп қабатты үйлердің аулаларында тұрған төрт автокөлікті тонап кеткен.

16 қарашада Есіл АПБ-ға ауданның 49 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам 28 қазан мен 2 қараша аралығында белгісіз біреу Volkswagen Passat B3 автокөлігінің құлпын зақымдау арқылы құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады.

63 жастағы жергілікті тұрғын Opel Vectra автокөлігінің иесі және тағы екі жүргізуші де полицияға осындай мәлімдеме жасады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. 24 жастағы жергілікті тұрғын жұмыстан бос уақытында көліктерден ұрлық жасағаны белгілі болды.

Сонымен қатар қаскөй автокөлік есіктері мен салонының бетінен алынған саусақ іздері, иіс іздері күдіктінің жеке басын анықтауға көмектесті.

Күдікті мойындауы бойынша ол жәбірленушілердің ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Осы фактіге сәйкес, полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру