Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға сеніп, ақшасынан айырылды

Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға сеніп, ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алаяқтықтың танымал схемаларының біріне 48 жастағы ақтөбелік алданып қалды.

Белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтар оның атына несие алуға тырысып жатқанын айтқан.

Кредитке өтінімді жою және өз шотын қорғау үшін банк қызметкері ер адамға өзінің жеке деректері мен банк картасының деректемелерін жазуды, келетін SMS-кодты айтуды ұсынған. Жәбірленуші алаяқтың барлық айтқандарын орындаған, кейін оған оның шотынан барлық жинақтарын есептен шығару туралы хабарлама келген.

Осы факті бойынша Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицейлер күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру