Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғынынан ақбөкеннің мүйізі табылды

Ақмола облысының тұрғынынан ақбөкеннің мүйізі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда «Охотзоопром» аумақтық инспекциясының инспекторлары Егіндікөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде ЖШС-нің бірінің жайылымының қызметкерлерге арналған үй-жайда ақбөкеннің екі мүйізін тауып алды.

Бұл факт ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктінің жеке басы анықталды.

Егіндікөл кентінің 43 жастағы тұрғыны, шопанның айтуынша, ол мал жайылымы учаскесінің аумағынан біраз жерде ақбөкеннің қаңқалы қалдықтарын тауып алып, мүйіздерін алып кеткен. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру