Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталғандарды 14 жеке кәсіпорын жұмыспен қамтамасыз етуде

Маңғыстауда сотталғандарды 14 жеке кәсіпорын жұмыспен қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде қазіргі таңда 14 жеке кәсіпорынмен үшжақты келісімшарт жасалынған. Өзара құжат арқасында сотталғандар әртүрлі жұмыстармен қамтамасыз етіліп отыр.

Кәсіпкерледі қолдау мақсатында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және жеке кәсіпорындардың, сонымен қатар “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен түзеу мекемесінде семинар өткізілді. Шара шеңберінде жұмысшы сотталғандардың жалақылары, техникалық қауіпсіздік шарасы, құжаттарды жүргізу еңбек келісімшарты бұйрықтары есеп айырысу парағы тақырыбында мәселелер қаралып, талқыланды.

“Атамекен” палатасының өкілдері тарапынан ЖШС және жеке кәсіпорындарға берілетін қолдау түрлері, яғни кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қолдау, кәсіпкерлерді дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру