Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері Атбасар қаласында студенттермен кездесу өткізді

Атбасар ауданының АИК колледжі базасында полиция қызметкерлерінің, ҮЕҰ басшысының және студенттердің кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

60-тан астам адам қатысқан іс-шара аясында ювеналды полиция инспекторы Бахтияр Рахымжанов әкімшілік және қылмыстық заңнаманың негізгі аспектілерін айтып, тыңдаушыларды құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды. Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Рәзия Курсанова мен “Зерделі ұрпақ” ҚҚ басшысы Гүлнар Оразбаева тыңдаушыларға есірткі құралдарын пайдалану және таратудың салдары, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру қажеттілігі туралы түсіндірді, сондай-ақ есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы еске салды.

Бұдан әрі бетпе-бет әңгіме форматында еңбек жастарымен кездесу өтті, онда тыңдаушыларға есірткі сатушылардың жастарды есірткіні заңсыз өткізуге тартудың айла-тәсілдері туралы, оларды тыйым салынған қызметке тартуға әрекет жасау кезіндегі іс-қимыл шаралары туралы ақпарат жеткізілді.

Оқушылар және еңбек жастарымен кездесу соңында спикерлер заңға бағынатын азаматтар болуға, Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және мүлтіксіз сақтауға, мақсаттар қоюға және оларға табанды түрде қол жеткізуге шақырды, өйткені құқықтық сауаттылық – бұл әр адамның өміріндегі табыстың негізі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру