Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бақташы мал ұрлығымен айналысқан

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысқан бақташыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің жайылымда жүрген бір бас сиырын белгісіз біреу жасырын түрде жымқырып, 180 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. 

Полиция қызметкерлері хабар алысымен оқиға орнына бет алды. Істің ақ-қарасын ажырату мақсатында жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білген куәлардан жауап алып, орын алған қылмысты ашуға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Тәртіп сақшыларының асқан қырағылықтарының арқасында ірі қара малды ұрлаған жергілікті тұрғын анықталды. Оны полицейлер бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай анықталған күдікті сол маңда өзге біреудің бақташысы болып жұмыс жасаған. Малдарды бағып жүріп, бөтен сиырларды біртіндеп қосып алып, сатып жіберген. Күдікті ер азаматтың аталған жайттан бөлек тағы бір мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Оны да ауыл тұрғынының біріне өзімнің сиырым деп сатып жіберген. Осылайша екі бірдей тұрғынның ірі қара малын ұрлап, сатып жіберген азамат бүгінде полиция қызметкерлерінің құрығына түскен.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Малдарын қараусыз қалдырмай, жайылымға жібермес алдын, ен-таңба салдыруға кеңес береді. Егер, сіз, осындай жайттың құрбаны немесе куәсі болсаңыз бірден полицейлердің “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру