Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады

Ақмола полицейлері азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының нашарлауына байланысты 29 наурызда Ақмола облысында автожолдардың 56 учаскесі, оның ішінде 21 республикалық маңызы бар учаске жабылды. Полиция департаментінің жеке құрамы көліктің барлық түрлері үшін қозғалысты жабуды ұйымдастырды, 72 бекет қойылды, оған 118 қызметкер мен 75 автокөлік жұмылдырылды.

29 наурызда сағат 19:30 шамасында Аршалы ауданы Ижевск ауылы маңындағы жол айырығының алдында Қарағанды қаласы бағытындағы Екатеринбург-Алматы автожолының 1321 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша 13 автокөлік соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. ЖКО салдарынан 53 автокөліктен, оның ішінде 23 жүк көлігінен кептеліс пайда болды.

Осы уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолдың осы учаскесінде 11 көлік құралының қатысуымен ЖКО орын алды. Оқиға орнында 54 автокөліктен кептеліс пайда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ЖКО нәтижесінде 24 автокөлік механикалық зақымдалған.

Автожолдардың жабық учаскелерінде авариялық-құтқару жұмыстарына 170-тен астам техника жұмылдырылды. Полицейлер, құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ауа райының қолайсыздығына тап болған адамдарға көмек көрсетті.

Ақмолалық полицейлер тағы да жүргізушілерге Төтенше жағдайлар департаментінің дауылды болжамдар мен жолдардың жабылуы туралы хабарламаларын елемеу туралы өтінішпен жүгінеді. Ауа райының нашарлауы кезінде қала сыртындағы жолдарға шығу ұсынылмайды. Егер сіз ауа райының қолдайсыз жағдайында жолға шықсаңыз мұқият болып, жол ережелерін қатаң сақтауыңыз қажет, автомобильдер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтап, маневр жасаған кезде абай болыңыз. Елді мекендерден тыс сапарларды жоспарлау кезінде автомобильдің техникалық жағдайын тексеру қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру