Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері балық аулауға шығып, жоғалып кеткен тұрғынды тапты

Ақмола полицейлері балық аулауға шығып, жоғалып кеткен тұрғынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтарда сағат 22:00 Есіл ауданының ПБ-не Лилия Николаевадан арыз келіп түсті. Оның айтуынша, күйеуі – 42 жастағы Петр Николаев Свободное ауылынан 11 км қашақтықта орналасқан көлге достарымен бірге қысқы балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

Іздестіру іс-шаралары барысында Есіл АПБ жеке құрамы, Есіл ауданының ТЖБ қызметкерлері, “Мираж М” жол ұйымы, екі бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Іздестіру іс-шаралары нашар көрінуімен, күннің қараңғы уақытымен, ауа райы қолайсыздығымен (боран) қиндатылды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде П. Николаев табылып, тұрғылықты жеріне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру