Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация есебіндегі сотталғандар тыл ардагеріне көмектесті

Батыс Қазақстан облысының орталық аймағындағы Ақжайық ауданының тыл ардагеріне көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл өңірде қардың қалың түсуіне байланысты қария адамдардың ауласын қардан тазалауға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі – ауданның тыл ардагері Бірлес Айткуловтың ауласындағы қарды тазалауға Ақжайық аудандық “Жұбан жастары” волонтерлік тобы мен №1 Ақжайық аудандық пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазалауға сотталған жастар өз үлестерін қосып, қолғабыстарын тигізіп, зейнеткердің алғысын алып қайтты.

– Осындай шараларға бір кісідей атсалысып, қариялар мен мүгедек жандардың алғысын алуы – жас ұрпақтың бойындағы адамгершілік сезімін оятып, қоғамға бейімделуін тездетеді, ұлттық патриотизмді дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз, – деді БҚО бойынша ҚАЖД-де.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру