Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері полиция есебінде тұрған адамдарды ауқымды тексеруден өткізуде

Ақмола полицейлері полиция есебінде тұрған адамдарды ауқымды тексеруден өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйекте Ақмола облысының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы басталды, оның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, сондай-ақ есепке алынған адамдарды бақылау.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасының сегіз күнінде ақмола полицейлері 1 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, полицияның тұрақты бақылауындағы 1 592 адамды тексерді.

Есепте тұрғандардың қатарында бұрын сотталғандар, алкоголь және есірткіге тәуелді адамдар, шартты түрде сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, сондай-ақ “қиын” жасөспірімдер бар.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер әкімшілік учаскелердің пәтерлерін және аулаларын аралап, азаматтық қару иелерін тексереді. 

Өткен кезеңде полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 700-ден астам аң аулау әуесқойларына барды, сондай-ақ қаруды сақтау жөніндегі талаптардың сақталуын, арнайы сейфтердің болуын қадағалайды. Сонымен қатар іс-шара барысында полиция қызметкерлері саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, базарлар мен жалға берілетін үй-жайларды тексереді. 

Іс-шараның сегіз күнінің ішінде 100 шаруа қожалығы мен қыстау, сондай-ақ 67 базар мен өзге де сауда орындары, 14 мыңнан астам тұрғын үй-жайлар тексерілді.

Рейд нәтижелері бойынша тиісті құжаттарсыз жалға берілетін 72 пәтер анықталды, үй иелерімен және пәтер жалдаушылармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Рейдтік іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылды, әсіресе түнгі уақытта, тұрғын үйден тыс кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында, тексеру қорытындысы бойынша 71 кәмелетке толмаған анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру