Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері православ шіркеуінде жасалған ұрлықты тергеп жатыр

Ақмола полицейлері православ шіркеуінде жасалған ұрлықты тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 мамыр күні Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 24 мамырға қараған түні православ шіркеуінің аумағынан белгісіз адамдар еркін қол жеткізу арқылы металл кіреберіс есіктер мен қоршауларды ұрлап кеткендігі туралы өтініш келіп түсті. Ғибадатхананың бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, тексеру жүргізіп, ауыл тұрғындарынан сұрақтарға жауап алды. Күдіктілердің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған 37, 41 және 44 жастағы үш ер адамды анықтады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру