Ақмола полицейлері қару қоймасын тапты
Ақмола полицейлері қару қоймасын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қазанда Ақмола облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Учаске» ЖПІШ барысында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қарасай айналма жолында қару-жарақ арсеналын тапты. Бетонды суағар жертөлесінен полицейлер атыс қаруының төрт бірлігін тауып алып, тәркіледі: МЦ 2112 маркалы тегіс ұңғылы мылтығы, ЗК 20 калибрлі мылтығы, ТОЗ 5 мылтығы, ИЖ-К 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі.
Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Ақмола облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.