Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жалған VIN-кодтары бар көліктерді анықтады

Ақмола полицейлері жалған VIN-кодтары бар көліктерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері шетелдік автокөліктерді заңдастыру акциясы барысында жалған VIN-кодтары бар көліктерді анықтады. Тәртіп сақшылары мамандандырылған ХҚКО жанындағы тексеру пунктіне әкелінген автомобильдерді мұқият тексереді.

28-30 қаңтарда облыс орталығында ВАЗ-21102, Toyota 4 Runner және ГАЗель көліктерінің нөмірлік агрегаттарын салыстыру барысында жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері сәйкессіздіктерді анықтады. Toyota 4 Runner көлігін тексеру кезінде автомобильдің VIN-коды оқылмайтындығы анықталды. Ваз-21102 көлігінде техпаспортта көрсетілген VIN-код сәйкес келмейді. ГАЗель автокөлікте капотта жазылған сәйкестендіру нөмірі де құжаттарда көрсетілген нөмірге сәйкес келмейді.

Сараптама тағайындалды. Барлық үш факті бойынша ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жалпы, 23 қаңтардан бастап Ақмола облысында 377 көлік заңдастырылды. Оның ішінде 340 көлік Ресей есебінде, 34 көлік Армения Республикасында, 2 көлік Грузия есебінде және бір көлік Моңғолия есебінбе болған. Шетелдік көліктерді  заңдастыру жөніндегі акция 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады. Заңдастыруға өтінішті “электрондық үкімет” порталы арқылы да, ХҚКО қызметкерлеріне жүгіну арқылы да беруге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру