Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлеріне қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды

Кәсіби мереке құрметіне орай Ақмола облысының полицейлеріне қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусымда Қазақстан полициясы күні “Көкшетау” мәдениет сарайының алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен полиция қызметкерлеріне автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Облыс әкімі өңір полициясының құрамына және Полиция департаментінің бастығы Думан Таевке арнаған сөзінде соңғы жылдары өңірде барлық негізгі бағыттар бойынша қылмыс деңгейінің төмендеуінің тұрақты үрдісі сақталып отырғанын атап өтті.

Өңір басшысы автокөліктердің кілтін тапсыра отырып, жаңа қызметтік автокөліктердің келіп түсуі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте одан әрі табыстарға жететініне сенім білдірді.

Құқық қорғау органдары Chevrolet Cobalt 20 автокөлік пен JAC бес автокөліктің кілтін алды. Жаңа көліктер патрульдік полицияға, жергілікті полиция қызметіне және уақытша ұстау изоляторына арналған.

Сол күні “Көкшетау” мәдениет сарайының залында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру