Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам ұрлаған көлігімен жол көлік оқиғасын жасады

Ақмолада ер адам ұрлаған көлігімен жол көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада Целиноград АПБ кезекші бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам өзіне тиесілі ГАЗель маркалы автокөлікті белгісіз біреу айдап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 8 млн. теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторы Андрей Ломако күдіктіні анықтады, ол жәбірленушінің 35 жастағы жерлесі болып шықты. Иесінің айтуынша, көлік үйдің ауласында болған, ұрланғанға дейін ол жылыту үшін оталдарып қойған.

Күдікті оталған көлікті көріп, рульге отырып, оны басқара алмады, 300 метрден аспай, электр бағанына соқты. Аталған факті бойынша 200-баптың 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру