Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Ақмолада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

7 қарашаға қараған түні патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Н.Тұрар мен Е.Сейлхан Целиноград ауданының Қоянды ауылында қызмет көрсетілетін учаскені патрульдеу кезінде 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Hundai Accent автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында полицейлер жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезді. Ол көлік құралын басқарудан шеттетілді. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, шетелдік көліктің жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болған. Деректер базасын тексеру кезінде бұл азаматтың 2021 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру