Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер бір тәулік ішінде 5 тіркелмеген қару тәркіледі

Ақмолалық полицейлер бір тәулік ішінде 5 тіркелмеген қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында тіркелген атыс қаруының ұрлануының алдын алу, оларды қолдану арқылы қылмыстарға жол бермеу, сондай-ақ заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерін анықтау мақсатында 25-31 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

27 шілдеде “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ақмолалық полицейлер Астрахан, Ақкөл, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының аумағында тіркелмеген қаруды тәркіледі.

Атап айтқанда, полицейлер Щучинск қаласының 38 жастағы тұрғынынан нөмірсіз 16 калибрлі ИЖ-18ем тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықты анықтады.

Сол күні тәртіп сақшылары облыс орталығының 61 жастағы тұрғынынан қолдан жасалған, нөмірсіз тапаншаны тәркіледі. Ер адамның айтуынша, ол оны көшеден тауып алған.

Бұдан басқа, жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс тұрғындарынан ТОЗ-БМ, ИЖ-К, 16 калибрлі ИЖ-18ем тегіс ұңғылы екі ұңғылы мылтық тәркіленді.

Барлық фактілер бойынша Ақмола облысы ПД КПБ қызметкерлері тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру