Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер бөтеннің көлігін ұрлап кеткен ер адамды анықтады

Ақмолалық полицейлер бөтеннің көлігін ұрлап кеткен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада құрамында Жұмат Қасықпаев пен Асылбек Елеу бар Атбасар ауданының ПБ ЖПҚ патрульдік полициясы взводы экипажының қызметкерлері аудан орталығын патрульдеу кезінде жолда қауіпті маневр жасаған Mazda маркалы автокөлікті байқады, бұл күдік тудырды.

Тексеру барысында өңірдің ауылдарының бірінің 24 жастағы тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Жүргізуші медициналық куәландырудан өту үшін Атбасар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қолда бар есептер бойынша тексеру кезінде Mazda маркалы автомобиль басқа адамның атына тіркелгені белгілі болды. Полиция қызметкерлері автокөліктің заңды иесін тапты. Ол полицияға көлікті бірнеше сағат бұрын Белаш көшесіндегі автотұрақта тастап, өзі жұмысқа кеткенін айтты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 200-баптың 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру