Ақмолалық полицейлер қызметтік-іздестіру итінің көмегімен адам өліміне қатысты күдіктіні ұстады
Ақмолалық полицейлер қызметтік-іздестіру итінің көмегімен адам өліміне қатысты күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 ақпанда Көкшетау полицейлері облыс орталығының 35 жастағы тұрғынын кісі өлтірді деген күдікпен ұстады. Көкшетау қаласындағы үйлердің бірінен көкірек тұсынан пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылғаны туралы Көкшетау қаласының Полиция басқармасына учаскелік инспекторы хабарлады.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Сондай-ақ қылмыс жасалған ауданға бірнеше автопатруль жіберілді. Жедел-тергеу тобының құрамында кинолог О.Аткенов Ашот атты қызметтік-іздестіру итімен болды. Сағат 15:25 шамасында Сәтбаев-Жабаев көшелерінің қиылысында бағдарда көрсетілген белгілерге ұқсас ер адам байқалды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен кинолог О.Аткенов бұл азаматты ұстады.
Көкшетау қаласының 51 жастағы тұрғыны өз ісін мойындады. Жанжал кезінде ол жұбайына пышақ салған. Нақты дәлел – ас үй пышағы тәркіленді.
ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Көкшетау қ. УҰИ-не қамалды.