Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлердің кәсібилігінің арқасында оқиға орнынан жасырынған жол апатына кінәлі адам табылды.

– Жол-көлік оқиғасына ұшыраған жүргізушілер жазадан құтылу үшін қашуға тырысады. 3 ақпанда белгісіз жүргізуші көлігімен Жетекші кентінің аумағында келе жатып, 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті де оқиға орнынан “ізін суытты”. Оның салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақатпен қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Медет Қайырбеков.

Полиция қызметкерлері оқиғаның ықтимал куәгерлерін анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізгенін, аулаларды аралап шығу жұмысын  ұйымдастырғанын, тіркеу және көшедегі бақылау камераларының жазбаларын зерттегенін атап өтті.

Ауыр жұмыс өз нәтижесін берді және жол апатына кінәлі жүргізуші анықталды. Ол қалалық автобус парктерінің бірінің жүргізушісі болып шықты. 60 жастағы жүргізуші көше қиылысына келе жатып, темекіні алу үшін бір секундқа бұрылып, жаяу жүргіншіні байқамағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына кінәлі адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жеткізілді.

– Оқиға орнынан жасырынған жүргізушілердің немқұрайлылығы – адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Кінәлі адам ерте ме, кеш пе табылады, ал оқиға орнынан қашып кету жағдайды ушықтырады, – деп атап өтті Медет Қайырбеков.

Тәртіп сақшысы жол-көлік оқиғасы кезінде кінәлі жүргізуші дереу тоқтауға, авариялық сигнализацияны қосуға және авариялық тоқтау белгісін қоюға міндетті екенін еске салды. Егер жол апатында  адамдар қаза тапса немесе жарақат алса, оған зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін шақыру қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру