Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер такси жүргізушісін алдаған алаяқты ұстады

“Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы барысында ақмолалық полицейлер такси жүргізушісін алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучинск қаласының 63 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ол 10 шілдеде белгісіз ер адам inDriver қосымшасы арқылы өзіне тиесілі 8 887 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алдау жолымен иемденгенін хабарлады.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша, сағат 21-30-да ол азық-түлік сатып алып, көрсеткен мекенжайға жеткізу қажет туралы клиенттің өтінішін қабылдаған.

Бұдан әрі жәбірленушінің WhatsApp қосымшасының мессенджеріне клиенттен сатып алу туралы чектерді міндетті түрде ұсыну туралы хабарлама келіп түсті және тарифтік жоспар қызметтері үшін 4 750 теңге сомасында балансты толтыру туралы өтініш келіп түсті.

Қысқа уақыттан соң клиент бұрын жіберілген соманы оператордың есептен шығарғанын дәлелдей отырып, теңгерімді қосымша толтыруды тағы да сұраған.

Жәбірленушінің сенгіштігін сезінген алаяқ үшінші рет оған ақша жіберуді өтінген, алайда болып жатқан жағдайдың дұрыстығына күмәнданған зардап шегуші клиент көрсеткен мекенжайға келген кезде тапсырыс беруші қалада тұрмайтынын, сонымен қатар телефон нөмірін өшіргені белгілі болды. Алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген автокөлік жүргізушісі полицияға жүгінді.

Аталған фактіге сәйкес Бурабай АПБ полиция бөлімі ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы аясында күдіктіні анықтады. Ол бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру