Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалықтан заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленді

Ақмола облысының тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындардан тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жүргізіліп жатқан акциямен қатар Ақмола полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтау деректерін анықтауды жалғастырып жатыр.

Алдын алу шаралары барысында полицейлер азаматтарға қару-жарақтан, оқ-дәрілерден, жарылғыш заттар мен құрылғылардан болатын қайғылы салдарлар туралы үнемі ескертеді.

Атап айтқанда, 26 сәуір күні Астрахан АПБ учаскелік инспекторы әкімшілік учаскені аралау барысында ауылдардың бірінің тұрғынынан ТОЗ-8М маркалы тіркелмеген атыс мылтығын тауып, тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, тексеру жүргізіліп жатыр.

Жалпы, өткен кезеңде облыс тұрғындарынан қаруды сатып алу науқаны бойынша 60 бірлік: оның ішінде 11-і ойық, 48-і тегіс ұңғылы қару және ойық қаруға арналған 345 оқ-дәрі сатып алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру