Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған жасөспірімдер спорттық жарысқа қатысты

Алматыда сотталған жасөспірімдер 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған спорттық жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіндегі кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандар 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін салтанатты түрде атап өтті. Мереке қарсаңында жасөспірімдер арасында шахмат, үстел теннисі және шағын футболдан жарыс өткізілді. Спорттық жарысқа екі жасақтың сотталғандары да белсене қатысып, өздерінің спорттық өнерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға сыйлықтар тапсырылып, команда мүшелері мақтау қағаздармен марапатталды. Жаза өтеуші жасөспірімдер арасында спорттық жарыс ұйымдастырудың мақсаты – оларға еліміздегі бірлік пен ынтымақтың кепілі Қазақстанды мекендейтін ұлттардың достығы екенін дәріптеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру