Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ұрланған велосипедті иесіне тауып берді

Ақмолалық полицейлер ұрланған велосипедті иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуір күні  Астрахан ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын жүгініп, бір күн бұрын кешкі сағат 21:00 шамасында белгісіз біреу үйдің ауласынан еркін қол жеткізу арқылы Sword маркалы велосипедті ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рэм қызметтік-іздестіру итінің көмегімен күдікті анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Заттай дәлел, атап айтқанда велосипед тәркіленіп, иесіне, жәбірленушінің ұлына қайтарылды. Айта кету керек, өтініш берушінің отбасында 5 бала тәрбиеленіп жатыр.
Осы дерек бойынша полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру