Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоланың бас полицейі із-түссіз жоғалған РФ-ның азаматын тапқан еріктілерді марапаттады

Ақмоланың бас полицейі із-түссіз жоғалған РФ-ның азаматын тапқан еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамырда Полиция департаментінің бастығы Д. Таев еріктілер Илья Никитин мен Ольга Хиценкоға хабар-ошарсыз кеткен ер адамды, Ресей Федерациясының азаматы С. Бирюковты іздестіруге көмектескені үшін ризашылығын айтып, оларға алғыс хат табыс етті. “Lider.kz” еріктілері ведомствоға із-түссіз жоғалғандарды іздеуде тұрақты негізде көмектесіп тұрады.

– Еңбектеріңіз үшін, біздің облыста волонтерлік қозғалысты дамытуға қатысқандарыңыз үшін, жанашырлықтарыңыз үшін, бірлескен жұмысқа жауапты қарағандарыңыз үшін сіздерге алғысымды айтамын. Сіздерге денсаулық пен күш-жігер тілеймін. Сіздердің қызметтеріңіз қазіргі қоғам үшін бағдар болсын, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жоғалған ер адамның туысы хабарласып, оны іздеуге көмек сұрады. Полиция мен еріктілер ауқымды іздеу шараларын ұйымдастырды. Ер адамды іздеу тәулік бойы жүргізілді. Полиция департаментінің қызметкерлері 9 топқа бөлініп, адамдар көп жиналатын орындарды, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, ТЖ және автовокзал аумағын тексерді.

Жоғалған ер адамның белгілері мен фотосуреттері бар бағдар WhatsАpp және әлеуметтік желілерде уақытылы таратылды. Волонтерлар облыс орталығының аудандарын аралап, адамдар көп жиналатын жерлерге бағдар іліп, азаматтарды тарта отырып, іздеу жұмыстарын жүргізді.

Ұйымшылдықтың және үйлесімді іс-әрекеттердің арқасында 26 мамырға қараған түні ер адамды Көкшетау қаласының орталығынан “Lider.kz” еріктілер ұйымының өкілдері тапты. Ол Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жеткізіліп, туыстарына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру