Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып, ЖКО орнынан ізін суытқан

Павлодар облысында жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып, ЖКО орнынан ізін суытқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл факті 27 мамырда сағат 23:30-да Ертіс – Северное тас жолының 27-шақырымында, Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылының маңында орын алды. Ваз-21213 көлігінің жүргізушісі жол бойында өздерінің Mercedes-Benz автокөлігінің жанында тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 62 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан көз жұмды, ал 38 жастағы ер адам жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Дереу түрде полиция ұстап алу жоспарын енгізді: барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен жақын облыстарға бағыттамалар берілді. Полиция қызметкерлері ТЖО, гараж массивтері мен ауылдарды тексерді.

– Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол 36 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, ол қорқып, ЖКО орнынан қашып кеткен. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кету фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру