Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақшаны көбейтіп беремін”: шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды

Ақшаны көбейтіп беремін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қыркүйек Абай АПБ-ның 102 нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз азамат WhatsApp мессенджері арқылы биржадан ақшаны көбейтіп беремін деп, алаяқтық жолмен 70 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды, басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру