Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері Тәуке ауылының тұрғынынан мылтық пен пышақ тәркіледі

Полиция қызметкерлері Тәуке ауылының тұрғынынан мылтық пен пышақ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаске” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының аясында ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлерімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Тарбағатай ауданының жедел уәкілдеріне жергілікті тұрғындардың бірі тіркелмеген қаруды өз үйінде заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Хабарламаны ала салысымен, полиция қызметкерлері тексеру жүргізуге дереу кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданы Тәуке ауылының 44 жастағы тұрғынын анықтады, ұсталған адамнан мылтық пен пышаққа ұқсас зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 12 калибрлі оқ атуға жарамды “MOSSBERG” тегіс ұңғылы атыс қаруы болып табылады.

Аталған тегіс ұңғылы мылтық бұл азаматқа қайтыс болған әкесінен қалғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Полиция департаменті тіркелмеген қаруды полицияға өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру