Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ЖҚЕ бұзған мыңға жуық шетел автокөліктері анықталды

Атырауда ЖҚЕ бұзған мыңға жуық шетел автокөліктері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында шетел автокөліктері жүргізушілерінің арасында құқықбұзушылықтардың көбеюіне байланысты көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тағы басқа да жолда жүру ережелерінің өрескел бұзылуын анықтау мақсатында 16-30 қыркүйек күндері аралығында “Шетел автокөліктері” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде жол ережелерін бұзған мыңға жуық шетел автокөліктері анықталды.

Мысалы, 25 қыркүйек күні сағат 01:17 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Азаттық көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің тұсында Ваз 2110 маркалы (Ресей федерациясы) автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 50 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Одан басқа, 26 қыркүйек күні сағат 03:20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Канцев көшесінде орналасқан мектеп тұсында Ваз 2115 маркалы (Ресей федерациясы) автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 34 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар, барлығы 3 098 168 теңгені құрайтын айыппұлдарын төлемей жүрген 77 шетелдік автокөлік анықталды. Олардың 56-ы Ресей, 19-ы Армения, біреуі Қырғызстан, тағы біреуі Беларусия мемлекеттерінен әкелінген автокөліктер. Анықталған автокөліктердің барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру